понедельник, 16 октября 2017 г.

Тілдер шеруі -2017
«№2 жалпы білім беретін мектеп»КММ
«EXPO халықтары» Тілдер фестивалі өтті.

Оқушылар EXPO-ға қатысқан мемлекеттер туралы көрініс жасады. Балалар ақпаратты үш тілде ұсынды. Фестиваль өте жақсы өтті. 


среда, 29 марта 2017 г.

Қазақ тілі сабағында акт-ны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№2 Жалпы білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Баянбаев Бакытжан Бакытбекұлы


Баяндама тақырыбының өзектілігі: қазақ тілі сабағында АКТ — ны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Мақсаты: оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ — мен оқытуды оқу — тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан — жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Сабақта оқытудың АКТ — ны тиімді қолдана білу.
2.Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3.           АКТ — ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4.           Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
5.           Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру
    Менің өзекті тақырыбым: «Қазақ  тілі сабағында АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту» болғандықтан ,қазіргі кезде АКТ-ны сабақта қалай пайдаланып жүрмін?Бұл салада қандай жаңашылдық бар? деген сұрақтарға тоқталғым келді. Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан АКТ-ны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Кез — келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап — жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. «Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер,интернет желісі  болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану  жолдары.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
·                        Интерактивті тақта;
·                        Мультимедиа;
·                        Интернет кеңістігі;
·                        Электронды оқулық.
Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді.   Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
         Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады:
тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
1.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
2.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
3.Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
1.  Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді [3, 32б].Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. Мысалы мен өз сабағымда мүмкіндігімше www.bilimland.kz, imektep.kz  сайттарын пайдаланамын.Егер сыныпта ғаламтор желісі бар болса бұл  оқушы мен мұғалім үшін тиімді.Себебі бұл сайттағы өнімдер жаңаша білім білім беруге бағытталған.
Бұл сайттағы сабақтар оқушының тіл үйренуіне немесе танымдық қабілеттерін арттыруға айтарлықтай көмектеседі.
www.bilimland.kz, imektep.kz  сайттарында тыңдап – түсіну , көріп – байқау және сол тапсырмалар бойынша тест сұрақтарына жауап беру мен ойындары кіреді.Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың  айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.
         Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.
Қорыта келгенде:  «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» [5; 23] деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді қолдану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын. Тәжірибеде білім беруші (www.bilimland.kz, imektep.kz) сайттармен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.
Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» [5; 23] деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді қолдану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Қазіргі білім беру жағдайында электронды құрал-жабдықтарға негізделген ақпараттық техналогияларды, сандық білім қорының біртұтас жиынтығын, интерактивті тақта мүмкіндіктерін т.б. пайдаланбай, соларға сүйенбей сабақ беру мүмкін емес. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) бүгінгі заманның зор жетістігі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сабақтарында да пайдалану елімізде өркен жаюда.
Еліміздің барлық деңгейлік білім ошақтарына еніп жатқан ақпараттық және техникалық прогресс ұстаз-педагогтан ғаламтор желісін де тиімді пайдалануды, интерактивті техналогияларды да мейлінше меңгеруді талап етеді. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»
Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1.       Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2.       Тіл байлығын дамытады;
3.       Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4.       Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5.       Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында  қандай электрондық  құралдар қолданамын:
1.Презентациялар;
2.Қазақ  тілінен және әдебиетінен электрондық оқулық;
3.Сайттар. www.bilimland.kz, imektep.kz
4.Компьютер;
5.Бейнефильмдер;
6.Электрондық оқулықтар: Қазақ тілі. Модуль технологиясы бойынша. Бәйтерек;
7.Интербелсенді тақта;
8.Теледидар;
9.Ғаламтор;
10.Қазақ тілінен және әдебиетінен оқу-әдістемелік кешені (Ережелер,таблицалар).
Қандай нәтижелерге жеттім және жетпекпін:
1.АКТ-ның әдіс-тәсілдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,ынта-ықыласын көтерді;
2.Оқушылардың танымдық,шығармашылық белсенділігі артылды;
3.Өз бетінше жұмыс істеуге,өзін бағалай білуге үйретті;
4.Келешекте осы алған қалпымнан таймай,оқушыларыммен бірге көп жұмыс түрлерін атқарып,жағымды нәтижелерге жетпекпін.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.     Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
2.     Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
3.     Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».
4.     Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».
5.     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008.–23-б.
6.     www.bilimland.kz, imektep.kz сайттары

понедельник, 19 декабря 2016 г.

суббота, 19 ноября 2016 г.

Қашықтық метапәндік «Лингва» олимпиадасына 24 оқушы қатысып қазақ тілінен 24 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Қашықтық метапәндік «Лингва» олимпиадасына 24 оқушы қатысып қазақ тілінен 24 оқушы жүлделі орынға ие болды.
Мұғалім: Мухаметчанова Н.О.
Оқу жылы
2016-2017
 Сайыс атауы
Оқушының аты - жөні
Сыныбы
Алған орны
1
 «Лингва» олимпиадасы
Павлова Екатерина
8 сынып
2 орын
2
 «Лингва» олимпиадасы
Колесников Константин
8 сынып
2 орын
3
 «Лингва» олимпиадасы
Золотавина Ульяна
8 сынып
2 орын
4
 «Лингва» олимпиадасы
Кретова Инесса
7 сынып
2 орын
5
 «Лингва» олимпиадасы
Романенко Елизавета
7 сынып
2 орын
6
 «Лингва» олимпиадасы
Коробейник Евгения
7 сынып
2 орын
7
 «Лингва» олимпиадасы
Самцова Анна
7 сынып
2 орын
8
 «Лингва» олимпиадасы
Ткачева Кристина
7 сынып
2 орын
9
 «Лингва» олимпиадасы
Кузнецова Татьяна
7 сынып
2 орын
10
 «Лингва» олимпиадасы
Павлов Дмитрий
7 сынып
2 орын
11
 «Лингва» олимпиадасы
Шокарева Марина
7 сынып
2 орын
Мұғалім: Тойымбаева Ж.А.
2016-2017
 Сайыс атауы
Оқушының аты - жөні
Сыныбы
Алған орны
12
 «Лингва» олимпиадасы
Соловьева Ксения
5 сынып
1 орын
13
 «Лингва» олимпиадасы
Балакший Анастасия
6 сынып
2 орын
14
 «Лингва» олимпиадасы
Богомолова Анастасия
6 сынып
1 орын
15
 «Лингва» олимпиадасы
Гринева Алена
6 сынып
1 орын
16
 «Лингва» олимпиадасы
Данилова Дарья
6 сынып
1 орын
17
 «Лингва» олимпиадасы
Лытарь Антон
6 сынып
1 орын
18
 «Лингва» олимпиадасы
Надеин Дмитрий
6 сынып
1 орын
Мұғалім : Кумарханова С.Е.
2016-2017
 Сайыс атауы
Оқушының аты –  жөні
Сыныбы
Алған орны
19
 «Лингва» олимпиадасы
Лазарева Евгения
5А сынып
2 орын
20
 «Лингва» олимпиадасы
Гайдай Максим
5А сынып
2 орын
21
 «Лингва» олимпиадасы
Белобородов Ярослав
9Б сынып
2 орын
Мұғалім: Бельгеубаева К.Ж.
2016-2017
 Сайыс атауы
Оқушының аты –  жөні
Сыныбы
Алған орны
22
 «Лингва» олимпиадасы
Десяткин Илья
8б сынып
2 орын
23
 «Лингва» олимпиадасы
Троицкая Ева
8б сынып
2 орын
24
 «Лингва» олимпиадасы
Ульяновский Данил
8б сынып
2 орын